Нұр-Сұлтанда «МАЙНЕКС Қазақстан 2022» жыл сайынғы тау-геологиялық форумы өтіп жатыр
ақпарат көзі: gov.kz
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы «МАЙНЕКС Қазақстан 2022» тау-геологиялық форумының ашылуы болды.
Бұл форум елімізде 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және Орталық Азия өңірінде ұйымдастырылатын өкілдік салалық іс-шаралардың бірі. Форум жыл сайын 300-ден астам тау-кен металлургия кәсіпорындарының, салалық министрліктердің, банктердің, инвестициялық және сервистік компаниялардың өкілдерін, сондай-ақ Қазақстаннан және 20-дан астам жақын және алыс шетелдерден тау-кен саласына арналған жабдықтарды өндірушілерді жинайды.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев форумның бірінші пленарлық сессиясын ашты.
Вице-министр өз сөзінде жаңа жаһандық үрдістер туралы, сондай-ақ жаңа Қазақстан құруға бағытталған жер қойнауын пайдалану саласындағы ішкі факторлар туралы айтты. Жаңа бағыт мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, қабылданатын шешімдердің әділдігін арттыруға, нарықтағы бәсекелестікті нығайтуға ықпал ететін бірқатар саяси және экономикалық реформаларды жүргізуді көздейді.
Бұдан басқа, вице-министр ҚР ИИДМ қабылдаған бірқатар шараларды атап өтті. Олар тау-кен секторының дамуына да, жер қойнауын пайдалануға да оң әсерін тигізеді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына барлық контурланған кен орындарын, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды барлауға қалған блоктарды қосу арқылы елдің жер қойнауын пайдалануға қолжетімді бүкіл аумағын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Анықталған ресурстарда қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алу мүмкіндігін бере отырып, өндіру кезеңіне жедел көшу мәселесі пысықталуда.
Сондай-ақ, ҚР ИИДМ лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді орындау деңгейі төмен барлық кен орындарына ревизия жүргізеді. Тек жыл басынан бері бұл салада 31 келісімшарт бұзылып, 3 лицензия қайтарып алынды.
«Минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесін әзірлеудің объективті себептерден ұзаққа созылуына байланысты өнеркәсіп қорлары бар кен орындары бойынша аукциондар өткізуді ұзарту жұмыстары жүргізілуде.
Сервистік үлгімен құрылатын Ұлттық геологиялық қызметті құруға да үлкен мән беріледі.
Форум шеңберінде тау-кен металлургия саласын дамыту үшін жаңа ынталандыру шаралары, ұлттық және халықаралық компаниялардың қатысуымен перспективалық минералдық-шикізат жобалары, тау-кен өндіру саласындағы декарбонизация проблемалары, сондай-ақ ESG қағидаттарының әсер ету мәселелері бойынша талқылаулар өтеді.
Related Posts
20 апреля, 2022
Как большие данные помогают предотвратить аварии на производстве
20 апреля, 2022
Казахстан не откажется от угля в пользу «зелёной» энергетики?
14 апреля, 2022