Пайдалы қазбаларды барлауға 1 600 жаңа лицензия берілді – вице-министр
Жаңалық көзі: inbusiness.kz
Коронавирус пандемиясы кезінде геологиялық барлау нарығында 500-ден аса жаңа компания жұмыс істей бастаған.
Биыл Қазақстанда пайдалы қазбаларды барлауға шамамен 1 600 жаңа лицензия берілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Оның айтуынша, мемлекет геологиялық барлау нарығын дамыту үшін елеулі реформа жүргізген.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодексті қабылдадық. Бұл қысқа мерзімде өз нәтижесін берді. Мысалы, пайдалы қазбаларды барлауға шамамен 1 600 жаңа лицензия берілді. Тіпті коронавирус пандемиясы кезінде нарықта 500-ден аса жаңа компания құрылды», – деді Руслан Баймишев елордада өтіп жатқан MINEX Kazakhstan-2022 форумының кулуарында
Ол жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау жұмысына жеке компанияларды тарту керек деген пікірде.
«Геологиялық барлау жүргізілетін жердің ауданы – шашамен 70 мың шаршы метр. Бұл инвестиция мен тәуекелді талап етеді. Мемлекет бұған бара алмайды. Себебі оған құйылған қаражат өзін ақтамауы мүмкін. Елімізде геологиялық барлау жұмыстары сапалы жүргізілген… Бірақ енді нақты жұмыстарды инвесторлар жүргізуі керек. Мемлекеттің міндеті – оларға жағдай жасау», – деді вице-министр.
Руслан Баймишев коронавирус пандемиясынан кейін бұл салада белсенділік артады деген пікірде. «Көптеген ел мен компания жаңа нарықтарды іздейді. Оның ішінде геологияға инвестиция салу да бар. Бұл аталған саланы дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жаңа технологиялар мен жаңа құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік береді», – деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары. Дәурен Ерболат
Related Posts
20 апреля, 2022
Как большие данные помогают предотвратить аварии на производстве
20 апреля, 2022
Казахстан не откажется от угля в пользу «зелёной» энергетики?
14 апреля, 2022